климат, экология, әлем, энергия, зиянды шығынды,

Ғаламдық климаттың жақсаруына мына төрт нәрсемен көмектесе аласыз

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Климаттың өзгеруімен күресу әлемдік көшбасшылардан жаһандық деңгейде әрекет етуді талап етеді. Бірақ жеке тұлға ретінде адамдар зиянды шығарындылардың көбеюіне үлес қосуда. Көміртегі ізіңізді азайту үшін Halyqnews мына әрекеттерді орындауды ұсынады.

1.Үйден бастаңыз!

Үйде жарық пен түрлі құрылғыларды керек емес кезде өшіріп жүру климаттың өзгеруіне әсер етуді азайтады, ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Үйде энергияны үнемдей отырып, планетаға үлкен әсер тигізе аласыз. Бұдан бөлек мұнай мен газды қажет ететін жылудан электрлік жылуға көшуге де болады. Жасыл энергияға көшу үйде қолданатын нәрселерді өзгертуден басталады.

2.Тамақ пен қалдықты азайтыңыз!

Климаттың өзгеруіне қатысты шешімдерді зерттейтін доктор Джонатан Фолидің айтуынша, тамақтың кішкене бөліктерін ғана тұтынып, қалғанын кейінге қалдыру секілді қарапайым тәсілмен ақша үнемдеуге және қалдықтарды азайтуға болады. Қызығы, мал шаруашылығы барлық парниктік газдардың 14 %-ын құрайды. Абердин университетінің биолог профессоры Маргарет Гиллдің айтуынша, кез-келген тағамның көміртегі ізі оның қалай өндірілгеніне, қайдан келетініне байланысты.

3.Көлікті және ұшақты барынша аз қолданыңыз!

Жаһандық жылынудың төрттен бірін көліктерден шыққан түтіндер тудырып отыр. Көліктен бас тарту кез келген адам үшін мүмкін емес. Алайда жергілікті дүкендерге жаяу және велосипедпен бару немесе достарыңызбен, көршілеріңізбен көп емес, аз ғана көлікпен саяхаттау сияқты шағын қадамдардың атқаратын рөлі бар.

4.Сатып алар алдында ойланыңыз!

Мақта өндірісін, өндіруді, тасымалдауды және жууды ескере отырып, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына сәйкес, бір жұп джинсы жасау үшін 3 781 литр су қажет екен. Сондықтан киімдегі кішігірім ақауларды ауыстырудың орнына қайта тігу, лақтырудың орнына қайырымдылық жасап беру және ұзақ уақытқа созылатын жоғары сапалы заттарды таңдау арқылы көп шығарындыларды азайтуға болады.

Сән индустриясындағы ысырапты азайтуға көмектесетін жалға берілетін киімдерді ұсынатын компаниялардың саны артып келеді. Екінші қолды киімдерді сатып алуға да болады. Және тұрмыстық техниканы дұрыс таңдау да көміртегі ізіне оң әсер етуі мүмкін.