шымкент, полиция департаменті, Мөлдір Бекеева, баспасөз хатшы, суицид, өз-өзіне қол салу,

Шымкент қалалық ПД қызметі Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол салуына байланысты пікір білдірді

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева қызметінен кеткен күні өзіне қол салып, фейсбук парақшасында өлім алдындағы хатын жариялағанын жазған едік. Аталған оқиғаға қатысты департамент қызметі пікір білдірді. Ақпарат нақты әрі түсінікті болу үшін қаз-қалпында беруді жөн санадық.

«Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық  ПД-нің баспасөз хатшысы  өз-өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпарат тарап жатыр.

 Осыған байланысты түсіндіреміз: наурыз айының соңында Youtube арнасында «Полиция департаменті  баспасөз қызметінің басшысы полиция қызметкеріне қарсы балағат сөздер айтты» деген жазба пайда болды.

Аталған бейнежазба бойынша Шымкент қалалық ПД  басшысы қызметтік тексеру  тағайындады. Нәтижесінде, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері  баспасөз қызметінің басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер, дыбыстық жазбаны өткен жылдың желтоқсан айында жазғаны туралы айтты. Себебі ол қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмыста өз орнын сақтап қалу мақсатында дыбыстық жазба жазып алуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Жедел басқару орталығының офицері ретінде қызмет атқарған оны,  ПД-нің бұрынғы  бастығының бұйрығы  бойынша баспасөз хатшысының қарамағына жіберген. Өз кезегінде Мөлдір Бекеева, қызметкердің орындаған тапсырмасы негізінде күн сайын  дау-дамай ұйымдастырып, оны қорлаған және  ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін боғауыз сөздерді айтқан. Сонымен қатар, оны жұмыстан босатамын деп бопсалаған. Оның генералдың қолдауына ие болып, оған баратынын түсінген қызметкер жігіт шарасыз қадам жасауға бел буып смарт-сағатқа дыбыстық жазба жасайды. Кейін ол, бұл жазбаны WhatsApp желісінде достарымен бөлісіп, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түскен. Оның сөздерін баспасөз қызметінің, кадр жұмысының қызметкерлері, 5 жүргізуші қолдады және растады. Олар 10 ай бойы ПД баспасөз қызметінің басшысының қол астында  жұмыс істеген. 

 Содан кейін, ЖБО қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы арызданды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Арыз бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын анықтау бөлімі жүргізеді.

Ал өз-өзіне қол жұмсау жайты бойынша Қаратау АПБ ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Қазіргі таңда, Мөлдір Бекеева аурухананың  жансақтау бөлімінде.

ШЫМКЕНТ ҚПД ӨҚБ».