
Полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі
Бұл туралы мәжіліс отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Енді бала туғанда берілетін жәрдемақыны мобильді қосымша арқылы алуға болады
Бұдан былай «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» және «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» секіллді мемлекеттік қызметтерді Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы тағайындауға өтініш беруге болады.

Қазақстан Ауғанстанға бидай мен ұнды қайта экспорттауды бастады
Қазақстан Ауғанстанға біраз уақыттан бері бидай мен ұн жіберіп келген. Алайда Ауғанстандағы саяси жағдай екі ел арасындағы сауданы тоқтатты. Енді барлығы қайта тұрақтала бастағанда қарым-қатынас жандана бастады. Қыркүйек, қазан айларының өзінде Қазақстан 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтіп үлгерді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артатын болады, деп мәлімдеді Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі.