
Редакция
Қазақстанда 41 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер 23 маусымда еліміздің сегіз өңірінде аптап ыстық күтіліп, дауылды ескерту жарияланатынын мәлімдеді. Ауа-райына байланысты Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, батыс бөлігінде шаңды дауыл тұрады деп күтілуде. Облыстың батысы мен шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Ал, Талдықорған мен Қонаевта 36 градусқа дейінгі температурада қатты ыстық болады.
Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде ауа температурасы 40 градусқа жетіп, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 37-38 градусқа дейін көтеріледі. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде 15-20 м/с жел соғып, күн қызуы 38 градусты құрайды. Сонымен қатар, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 40-41 градусқа дейінгі температурада ыстық күтіліп, аталған аймақтарда төтенше өрт жағдайы сақталады.
Ал, Шымкент қаласында 26-27 маусым күндері 40 градусқа дейін аптап ыстық болжануда.