ақша аудару, қаржы, экономика, Қазақстан, Өзбекстан,

Былтыр Қазақстаннан Өзбекстанға 278 жарым миллиард теңге шығарылған

Өткен жылдың 11 айында жеке тұлғалар Қазақстаннан Өзбекстанға 278 жарым миллиард теңге аударған, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы, 2021 жылы елімізден шетелге барлығы 921 миллиард теңгеден астам қаржы аударған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға көбірек. Аударылған қаржының көбі Өзбекстан (278,5 млрд. тг), Түркия (190 млрд. тг), Ресей (162 млрд. тг). Бұл үш мемлекет Қазақстаннан шыққан қаржының үштен екісін құрайды.

Ал шетелден Қазақстанға келген қаржы 256 миллиард теңге. Елімізге Ресей, Өзбекстан, Оңтүстік Корея Республикасынан жіберілген.


Discuss