дания, арал, электр қуаты, мұнай, газ,

Дания мұнай мен газдың жағылуын тоқтату үшін, Солтүстік теңізде арал салады

Нурбекова Жансая, Алматы, (H- news.kz ). Дания үкіметі Солтүстік теңізде алып жасанды арал салуға келісімін берді. Арал ауданында 18 футбол алаңына (120 мың шаршы метр) тең, үш миллион үйді электр қуатымен қамтамасыз етуге қабілетті 200 жел генераторы орналастырылады.

Бұл Дания тарихындағы ең ірі құрылыс жобасы, құны 34 миллиард долларға бағаланған. Аралдың жартысы мемлекетке, екінші жартысы жеке секторға тиесілі болады. Болашақта оның мөлшері үш есе артуы мүмкін.

Арал электр энергиясын көрші елдерге жеткізеді деп болжануда.

Олардың тізімі әлі жарияланған жоқ, бірақ Данияның техникалық университетінің профессоры Якоб Остергард BBC-ге берген сұхбатында Ұлыбритания, Германия және Нидерландыны серіктес ретінде атады.

Үлкен жел электр станциясы сонымен қатар өнеркәсіптік және көліктік пайдалану үшін сутегін өндіреді.

Данияда қабылданған Климаттық Заңға сәйкес, ел алдағы 10 жылда парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 70% төмендетуге, ал 2050 жылға қарай парниктік газдардың нөлдік шығарындыларына толық қол жеткізуге ниетті.


Discuss