
Редакция
15:44
Елімізде 700-ге жуық ақпарат ресурсына шектеу қойылды
Қазақстанда 700-ге жуық интернет ресурс пен сілтемелерді таратуға тыйым салынды. Олар Қазақстан заңнамасының негізгі талаптарын сақтамаған.
“2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес, уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылған”,-делінген хабарламада.
Себебі, аталған ресурстардан төмендегідей заң бұзушылақтар анықталды:
экстремизмді насихаттау – 5;
порнография тарату – 133;
есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары әрі прекурсорларын насихаттау – 20;
ойын бизнесі – 272;
жарнама – 24;
әкімшілік құқық бұзушылық – 4;
алаяқтық – 197;
баланың денсаулығы, адамгершілігі және рухани дамуына зиян келтіретін ақпарат орналастыру – 18.