стационар, правизор, аурухана,

Елімізде инфекциялық және провизорлық стационарлар жабыла бастады

Бірқатар өңірлерде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылып, төсек-орын саны қысқарады, - деп хабарлайды «Хабар24».

Қазіргі уақытта 7 провизорлық, 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1070 төсек-орын, сондай-ақ 6 провизорлық орталықтан 800-ден аса орын саны қысқарды.

Әзірге бұл қысқарту Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жүргізілді.

Қалған облыстар мен Алматы қаласында 2 тамыздан бастап провизорлық стационарларын жабу мен төсек-орын санын қысқарту жоспарлануда.


Discuss