Кәрім Мәсімов, сот,

Кәрім Мәсімовтің соты күзде өтуі мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты түсініктеме берді. Сонымен қатар, ол қаңтар оқиғасы орын алған кезде Мәсімовтің те жұмысқа келгенін айтты. Журналистер Әмірхановтан сот процесі қашанға дейін жалғасатынын сұрады. Ал, ол Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сот күзде өтуі мүмкін екенін жеткізді.

"Менің білуімше, іс материалдары құпияланған. Сол себепті жабық өтуі де мүмкін. Мұны енді сот органдары анықтайды. Өйткені ол жерде мемлекеттік құпия бар", - деді Әмірханов.


Discuss