Катар, әлем чемпионаты, футбол, иран, германия, ақш, наразылық,

Катар әлемдегі наразылықтарды жария ететін алаңға айналған ба?

Катардағы ерекше деп танылған әлем чемпионаты наразылық шараларына арқау болуы мүмкін.

Мұсылман мемлекеті келген қонақтарды өз дінімен, салт-дәстүрімен таныстыру шараларын жоғары деңгейде қарастырған. Тіпті 8 стадионда арақ-шарап сатуға тыйым салған. Қаланың әр бұрышында ислам діні жайлы ақпараттар берілген.

Алайда әлем чемпионатына барған Иран құрама командасы өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартқан. Бұл істерін “Иранда болып жатқан қарсылық акциясын қолдайтынымызды көрсеткіміз келді”, деп түсіндірген. Мұнымен қоймай Иран футбол федерациясы АҚШ құрамасының үстінен шағым түсірген. Америкалықтарды Иран туына құрмет көрсетпегені үшін Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатынан шеттетуін талап еткен. Иран билігі АҚШ-ты Алланың аты жазылған символды алып тастады деп кінәлаған.

Ал 28 қарашада өткен Португалия мен Уругвай ойыны барысында жанкүйер қолына ЛГБТ-ны қолдау белгісі саналатын жалауша ұстап, үстінде “Украинаны құтқарыңдар” және “Иран әйелдерін құрметтеңдер”, деп жазылған киімімен алаңға жүгіріп шыққан. Болған жайттар нәтижесінде Катар әлем чемпионаты кезінде ЛГБТ қауымдастығын қолдайтын кез келген белгіге тыйым салған. Бұл әлем чемпионатын өткізіп отырған елді құрметтемеу болып саналады деп таныды.

Сондай-ақ Сауд Арабия ойыншылары ойынға Аятуль-Курси оқып шыққан. Қарсылас топтың жанкүйерлері бұл көрініске теріс пікір білдірді. Онымен қоса, Германия құрамасының ойыншылары ауызын жауып суретке түскен. Мұны да азшылық топты қолдаудың белгісі деп таныды. Және Марокко мен Бельгия ойынынан кейін Брюссельде тұратын марокколық тұрғындар дүкен терезелерін сындырып, көліктерді төңкерген. Сонымен қатар Бельгиялық тұрғындарға зорлық зомбылық көрсеткен. Бұл іске бельгиялық полиция қызметкерлері ауыр шектеулер қоюға мәжбүр болған.

Чемпионат барысында болып жатқан өзге де кикілжіңдер әлемдегі мемлекет аралық наразылықтарға алып келуі мүмкін. Немесе ФИФА бұл шараларға тоқтау қояды.

Әсел Абдикер


Discuss