дәрі-дәрмек, коронавирус,

Коронавирустан үйде емделіп жатқандар EgovMobile қосымшасы арқылы қандай дәрілерді тегін ала алады?

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясы бойынша үйінде емделіп жатқан пациенттер тегін ала алатын дәрі-дәрмек түрлерін атады.

EGovMobile қосымшасы арқылы амбулаториялық, яғни үйде коронавирусты емдеу кезінде қандай дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін алуға болатыны айтылған еді. Людмила Бюрабекова енді ол дәрілердің қатарына тағы 3 тегін дәрі қосылғанын айтты.

-         Ауру көбінесе жеңіл және орташа жағдайда өткенімен аурудың жеңіл өтіп, күрделі жағдай болып кетпеуі үшін ағзаны медикаментозбен қолдап отыру керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сапа мен медициналық қызмет бойынша біріккен комиссиясы КВИ-ды диагностикалау мен емдеу хаттамасына ауруды амбулаториялық деңгейде өткеретін пациенттер үшін 5 препарат енгізді. Бұл қабынуға қарсы препараттар - Парацетамол мен Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан мен Дабигатран секілді антикоагулянттар, - дейді вице-министр.

Бұл препараттар үйде емделіп жатқандарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттардың тізіміне кірген. Өңірлер осы препаратты алу үшін өтінім берген. Қазір бірыңғай дистрибьютор сатып алу процедурасын жүргізуде. Аталмыш препараттар науқастарға 10 күннен кейін қолжетімді болады.

Бюрабекованың айтуынша, науқастар бұл препараттарды тұрғылықты жерде тіркелген ауруханадан коронавирус инфекциясы расталған жағдайда және тек дәрігердің тағайындауымен ала алады.

Егер пациентке аталған препараттардың берілмейтіні хабарланса, олар бірыңғай дистрибьютордың 1439 байланыс орталығына хабарласа алады. Вице-министр операторлар мәселенің байыбына барып, дәрі-дәрмекпен қамту шаруасын шешіп беретінін айтты.

 


Discuss