мектеп, мұғалім, директор, қызметінен босатылу, заңсыздық,

Мұғалімдерге гольф алаңын тазалатқан мектеп басшысы қызметінен босатылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Омаров атындағы №50 мектептің басшысы мұғалімдерді шипажай аймағындағы гольф алаңшасын тазалатқаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды informburo.kz

Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Гүлзат Көбенова ағымдағы жылы білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ата-аналар мен педагогтерден 70-ке жуық өтініш, арыз түскенін айтты. Осыған орай, құзырлы органдар тарапынан "Педагогтер мәртебесін бұзу туралы" заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Мәселен, Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі заңсыз жұмыстан шығарылған. Оны облыстық білім басқармасы тексермеген. Аталған мәселені министрлік жан-жақты зерттеп, тәрбиешіні қайта жұмысқа орналастырғанын, қазіргі таңда тәрбиеші жұмысын атқарып жүргенін айтып өтті Г.Көбенова.


Discuss