әскер, өлім-жітім, Бақытжан Ертаев,

Неге әскердегі өлім-жітім көбейіп кетті?

Көпшілікті толғандырған бұл сұраққа халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев “Желмая” жобасында өз ойын білдірді.

“Әскердегі өлім-жітім көбейіп кеткені рас. Бұл сұрақ әрбір азаматты толғандырары анық. Бірінші, бейбіт заманда ұлынан, артынан ерген тұяғынан айырылған ата-аналарға көңіл айтамын. Не істеу керек? Меніңше, бізге әуелі диагноз қажет. Шындық диагнозы керек. Шындықты айту керек, шындыққа жету керек, шындықты білу қажет. Біз бір күнде бұл мәселені жоя алмаймыз. Әскердегі командир сарбазды өз баласындай, жақын бауырындай тәрбиелеуі тиіс. Сонда ғана әлгі сарбаз оны өз ағасындай көреді. Ал, қазір бәрі таққа шабуды ойлайды. Бүгін майор, ертең генерал болсам деген оймен қызмет етеді. Оған асықпау керек”,-деді Бақытжан Ертаев.


Discuss