Qnet, қаржы, тергеу,

Qnet-ке қатысты тергеудің мән-жайы анықталды

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Qnet компаниясының Қазақстандағы басшылығы тергеуге алынғанын мәлімдеген болатын.

Алматы қаласында Qnet-ке қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда бұл жағдай бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

 Алматы қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Qnet-ке қатысты тергеудің мән-жайын жариялады.

“Qnet компаниясының қызметіне қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы - қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бойынша тіркелген. Тергеу шаралары бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - деп мәлімдеді Әбдірахманов. Оның айтуынша, Qnet компаниясы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан заңнамасына сәйкес жүргізіп жатқан жоқ. Банк операцияларын жасауға және инвестициялық қызмет жүргізуге ешқандай рұқсат қағаздары берілмеген. "Осы уақытқа дейін ішкі істер органдарына арыз түсіргендердің саны 220 адамға жетті. Халыққа сақ болуға кеңес береміз", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.


Discuss