шымкент, полиция департаменті, қайтыс болу,

Шымкентте күдікті полиция бөлімінде жауап алу барысында қаза тапты

Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.

8 желтоқсан күні сағат 17:00 шамасында 1990 жылы туылған азамат қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында жеткізілген. Жауап алу кезінде  күдікті өзін нашар сезініп, ес-түсін жоғалтқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтаған.

«Азаматтан жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан. ​Оған сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылған. Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында азаматтың мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеген», деп жазылған Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.  


Discuss