утилизациялық алым, утильсбор, роп, көлік,

Утилизациялық алым жүргізген «Оператор РОП» жұмысы ресми түрде тоқтатылды

ҚР Үкіметі кеше «Оператор РОП» аталған (ӨКМ Операторы) ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

«ӨКМ Операторының» утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне өтеді. Бұдан былай бұл міндетті «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы орындайтын болады.


Discuss