жаңа зеландия, климат, заң,

Жаңа Зеландиялық компаниялар климаттың өзгеруіне байланысты есеп беруге міндеттелуі мүмкін

Жаңа Зеландия 2050 жылға қарай ауа сапасы жоғары елге айналуды қалайды. Бұл үшін қаржы секторы өз міндетін мінсіз атқару керек.

«Бұл бастаманы банк, қор, сақтандыру компаниялары инвестицияның қоршаған ортаға әсерін қадағалап, іске асыра алады», дейді климатты бақылау министрі Джеймс Шоу.     

Жаңа заң климатқа зиян тигізген қаржылық фирмалардың, сондай-ақ қаржылық фирмалардан несие алушы компаниялардың қаржысын ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Заң осы апта қаралады. Егер қабылданған жағдайда компаниялар климаттың өзгеруіне байланысты есеп беріп отыруға міндетті болады.

Осылайша Жаңа Зеландия климаттың өзгеру салдарына байланысты қаржылық компанияларға есеп беретін заң қабылдаған әлемдегі ең алғашқы ел болмақ.  


Discuss