мобильді қосымша, жоғары сынып, мамандық, түлек, оқушы,

Жоғары сынып оқушылары үшін арнайы мобильді қосымша әзірленеді

Мобильді қосымшада Қазақстандағы жоғары оқу орындары, мемлекеттік және гранттық бағдарламалар туралы толық ақпарат жарияланады.

Аталған жобаның басты мақсаты-түлектерге болашақ мамандығын таңдауда жан-жақты көмек беріп, кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар көрсету. Бұл арқылы жастар қандай мамандықтарға сұраныстың көп екенін және еңбек нарығындағы өзгерістер жайлы біліп отырады.

"Бізге талапкерлер тарапынан жоғару оқу орындары мен колледждердің сайттарына қатысты шағым жиі түседі. Жастар қажетті ақпаратты таба алмай жатады, кейбір сайттар ыңғайсыз, керек нәрсені табу қиын. Осыны ескере отырып, жаңа қосымшаның әзірлеуі шештік. Ол жерде жоғары оқу орындары, колледждер, мемлекеттік және білім беру гранттары, стипендиялар, сондай-ақ, бос жұмыс орындары туралы ақпарат болады", - дейді Қазақстан студенттері альянсының президенті Ілияс Түстікбаев.

Айта кетейік, аталған мобильді қосымшада аймақтардағы бос жұмыс орындарына қатысты мәліметтер беріледі. Қосымша қазақ және орыс тілдерінде болады. Бағдарлама бірнеше айдың ішінде іске қосылмақ.


Discuss