141 ЖОБАҒА 2,1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНГЕН

141 ЖОБАҒА 2,1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНГЕН

Бұл туралы Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев мәлімдеді.

Мекеме басшысының айтуынша 2019 жылы Шымкент қаласына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1916,0 млн.теңге бөлінген. Оның 2,1 млрд. теңгесі кәсірорындарға (141 жоба) субсидия негізінде төленген.

- Кепілдендіру бойынша 72 жоба 1,2 млрд.теңгеге кепілдік алды. Мемлекеттік гранттық қолдау мақсатында 55 жобаға қайтарымсыз 152,0 млн.теңге бөлінді,-деді Н.Қабыштаев.

Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасы 545 бизнес-жоспар әзірлеп, оның 328 кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша 820 млн.теңгеге сүйемелдеген.

Сонымен қатар, былтыр 2191 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 2499 қызмет көрсетіліп, (жоспарлық көрсеткіш 156,6%-ға орындалды) жалпы сомасы 702,3 млн. теңгеге 148 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 643 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы 2019 жылы қала аумағында шағын және орта бизнестің саны 19,6% өскен (жалпы 69,4 мың құрап отыр). Өңірлік өнім көлемі 1,5 трлн.теңгеге , ШОБ-тың үлесі 42%-ға жетті. Ал өнеркәсіп көлемі 15%-ға, ішкі сауда көлемі 5,3% артқан.

 


Талқылау