ұлттық банк, ақша, купюра,

2013 жылы шыққан 1000 теңгелікті қабылдамайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Егер қандай да бір кәсіпкер аталған ақшаны қабылдаудан бас тартса, Ұлттық банктің өңірлік филиалына хабарласыңыз, деп жазады zakon.kz.

Бұл 1000 теңгелік купюралар кез-келген төлем жағдайында қабылдануы тиіс. Тек жыртылып немесе әбден тозығы жеткенде ғана айналымнан шығады. Ал егер де кәсіпкер мұндай ақшаны қабылдамаса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, ескерту жасалады. Жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, 5-тен 25 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады.

Айтып өтейік, ақшаны қабылдамаған жағдайды айғақ ретінде видеоға түсіріп алыңыз немесе ақшаны қабылдай алмайтыны жөнінде жазбаша жазып беруін талап етіңіз.  


Талқылау