зейнетақы, жәрдемақы, жалақы, айлық, табыс,

2022 жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі. Зейнетақы қанша болады? Кімдердің айлығы көбейеді?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеге артады. Былтыр бұл көрсеткіш 34 302 теңгені құраған еді. Айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгеден 3 063 теңгеге өседі. Ал зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылар 5 пайызға көбейеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және тағы басқа да 588 мыңға жуық адамның жалақысы өседі.

Сондай-ақ келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақы мөлшерінен яғни, 60 мың теңгеден төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Бұдан бөлек, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, қызметкерлердің басқа да санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Ал 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен артып келеді. 2023 жылға қарай 2 есеге артады. 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталған. 4 жыл ішінде олардың да жалақысы 2 есеге көбейеді.


Талқылау

Ұсыныстар
Зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіне» аудару келесі жылға шегерілді
6желтоқсан

Зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіне» аудару келесі жылға шегерілді

19:10