алтын орда, көпір, құрылыс, түлкібас, жер асты жолы, жол, Бергей Рысқалиев, Қазавтожол, Жанару Тұрсынбек

2022 жылы аяқталуы керек, алайда әлі күнге аяқталмаған құырылыс нысандары І

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің бір сөзінде «шахарымызды тек ескерткішкермен толтырмай, түрлі спорт, мәдениет кешендерімен толтыруымыз керек», деген еді. Алайда елімізде аяқсыз қалып жатқан кешендер де аз емес. Бірі аяқсыз қалып құлап жатса енді бірі бос уәделермен толтырылып жатыр.

Соның ішінде Алматыдағы «Алтын Орда» көпір құрылысы. 2017 жылдан бері салынып келе жатқан бұл нысан 2022 жылдың аяғында толық аяқталады деп “ҚазАвтоЖол” ұлттық компониясының ресми өкілі сұхбат берген болатын.

Қазіргі таңда құрылыстың 85% біткен, енді тек асфальт жабындыларын төсеу қалды. Автобус, транзиттік жолақ болады. Сол жұмыстар біткеннен кейін 2 айдың ішінде асфальт салып бітеміз деді “ҚазАвтоЖол” Алматы Облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржан Таңатаров. Алайда, сабыры таусылған халық берілген уәдеге сенбей отыр.

Түркістан Облысында құрылысы 10 жылға созылған жерасты өткелі қашан аяқталмақ?

Түлкібас ауданында салынып жатқан 840 метрлік жерасты жолы жыр болды. Басында мердігер өткелінің төбесі опырылып содан кешігіп жатырмыз десе, енді құрылыс жұмысының баяу жүріп жатқанын жауаптылар құрылыс компаниясының ауысуымен байланыстырып отыр. Айтуларынша тендерді ұтып алған Иран компаниясы банкротқа ұшырап, жұмыс аяқсыз қалған. Енді халық жер асты өткеліне емес, балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр.

Бергей Рысқалиев әкім болып тұрған кезде құрылысы басталған концерт залы әлі қолданысқа берілмеген. Айта кетсек Бергей Рысқалиев Атырау Облысын 2006 жылдан 2012 жылға дейін басқарған. Сонымен қоса кезінде бюджет қаражатынан 3 миллиард тг бөлінген болса бүгінгі таңда бұл нысанның темірлерін тот баспы шіріп, қирау үстінде. Ал, әкімшіліктегілер нысанның бітуіне тағы да 5 миллиард теңге қажет деп отыр.

 

Жалғасы бар…

Жанару Тұрсынбек

 


Талқылау