карантин, коронавирус,

3 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдейді

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ауруханадардағы жүктеме мен вирустың таралу көрсеткіші төмендеген.

3 тамыздан бастап мына нысандар жұмыс істей бастауы мүмкін:

- ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар;

- балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек);

- балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат;

- сән-салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондары (алдын-ала жазылым бойынша)


Талқылау