су, құбыр, министр, Мағзұм Мырзағалиев, үкімет отырысы,

500-ге жуық гидротехникалық құрылыс қайта құрылады

Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды.

Министрдің айтуынша еліміздегі 18 мың шақырым құбырдың 80%-ы тозған. Сондықтан, ысырапшылық, ескірген инфрақұрылым, су тапшылығы, арықтарды бөлу мәселелері басты назарда. Осыған орай Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дайындалуда.       

Қазақстандағы жыл сайынғы жерүсті су қорының көлемі 100 км3 асады. Оның 46 км3 елден тыс жерлерде қалыптасады.

-100 км3 судың 50 км3 экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қажет. 24 км3 жуығы экономикада қолданылады, оның ішінде, 16 км3 – ауыл шаруашылығында, 7 км3 – өнеркәсіпте және 1 км3 шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылады, - деді министр.

 


Талқылау