ақш, инфляция, экономика, дағдарыс,

АҚШ инфляциясы 40 жылда ең жоғары рекордтық деңгейге жетті

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Украинадағы соғыс пен жалға алу құнының көтерілуі салдарынан АҚШ инфляциясы соңғы 40 жылда ең жоғары 8,5 пайызға жетті. Ал газ бағасы бір жылда 48 %-ға өсті, деп хабарлайды HalyqNews АҚШ Еңбек статистикасы бюросына сілтеме жасап.

FactSet қаржылық деректер тобының сауалнамасы инфляция жылдан-жылға 8,4 % көрсеткішінде тұрақтайтынын болжады, бұл бүгінде 1981 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғары көрсеткіш және ақпан айымен салыстырғанда 0,6 %-ға жоғары.

Сонымен қатар, жалға беру тарифтері қатарынан сегіз ай бойы өсті және олар қазір пандемияға дейінгі тенденциядан жоғары. Rent.com зерттеуіне сәйкес АҚШ-тағы екі бөлмелі үйді жалдау орташа есеппен 2000 долларды құрайды, бұл бір жыл ішінде 22 %-ға артқан.

Наурызда рекордтық деңгейге жеткен басқа санаттарға азық-түлік өнімдері кірді: олар 10 %-ға, жаңа автомобильдер 12,6%-ға және үй жиһаздары 10,8 %-ға өсті.


Талқылау