АҚШ, Ресей, Украина, санкция, шектеу, экономика, Қазақстан, соғыс,

АҚШ Ресейге қосымша қандай санкциялар мен шектеулер енгізді?

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - "Путин - агрессор. Ол соғысты таңдады. Мен Ресейге экспортталатын заттарға қосымша қатаң санкциялар мен жаңа шектеулер енгіземін,"- деді АҚШ Президенті Джо Байден Ақ Үйде берген баспасөз брифигте.

"Америка Құрама Штаттары Еуропалық Одақтың жиырма жеті мүшесі, соның ішінде Франция, Германия, Италия, Біріккен Корольдік, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және G7 көшбасшыларымен келісіп, Ресейдің доллармен, еуромен, фунтпен және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектейді. Бұдан бөлек, біз өз әрекеттеріміздің Ресей валютасы рубльге әсерін көрдік. Ол бүгінде тарихтағы ең әлсіз деңгейге жетті. Ресей қор нарығы бүгін құлдырады. Ресей үкіметінің қарыз мөлшерлемесі 15 пайыздан асты. Бүгінгі әрекеттерімізде біз 1 триллион долларға жуық активтері бар ресейлік банктерге санкция бердік. Біз тағы төрт ірі банкті бұғаттаймыз. Бұл Ресейдің Америкадағы барлық активтеріне тыйым салынады дегенді білдіреді. Бұл қатарға 250 миллиард доллар активтері бар Ресейдегі екінші ірі банк ВТБ кіреді,"- деді Джо Байден.

Бұл қақтығыс Қазақстан экономикасына да әсер етпей қоймады. ҚР тұңғыш президентінің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Informburo.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Еуразиялық, Кедендік одақтар мен ҰҚШҰ аясында Ресеймен өте тығыз байланысты және тауар айналымы ондаған миллиард долларды құрайтынын айтты. Соғыс ауқымды болған жағдайда мұнай-газ эмбаргосы, инфляция, девальвация басталуы мүмкін.

Ал экономист Алмас Чукиннің пікірінше, Қазақстанға экономикалық салдар Ресей арқылы жанама әсер етеді. "Украина Қазақстан үшін ең маңызды серіктестен алыс. Экономикада біздің басты серіктесіміз - Еуропалық Одақ. Өйткені мұнай мен металл түріндегі экспорттың негізгі бөлігі Еуропаға сатылады. Бірақ Ресеймен бірге бізде 70% бар. Өнімнің көп бөлігін Ресейден аламыз. Біз тек ресейлік тауарлар туралы емес, сонымен қатар Ресей Федерациясында зауыттары бар еуропалық өндірушілердің өнімдері туралы да айтып отырмыз. Батыс Ресейге экономикалық соғыс жариялады. Батыс эмоционалды түрде бізді Ресеймен байланыстырады, бірақ саяси жағынан АҚШ та, Еуропа да біздің ұстанымымызды түсінеді. Мен ешқандай санкциялар бізге тікелей бағытталған деп ойламаймын. Бірақ жағымсыз дәм әлі де бар," - деп түйіндеді Алмас Чукин.


Талқылау