ақш, ресей, джо байден, санкция, кибератака, кибершабуыл,

АҚШ Ресейге санкция жариялады

АҚШ Ресейге кибершабуылы және өзге де алауыздықтары үшін санкция жариялады.

Ақ үйдің айтуынша, бұл шаралар «Ресейдің зиянды сыртқы саясатын» жүргізіп отырған ондаған ресейлік ұйым мен шенеуніктердің жұмысын тежеуге бағытталған.   

Хабарламада, былтырғы SolarWinds-ты жаппай бұзудың артында ресейлік барлаушылар тұрғаны айтылған. Сондай-ақ Мәскеуді 2020 жылғы сайлауға кедергі келтірді деп айыптайды.    

Ал Ресей тарапы айыптауларды теріске шығарып отыр. Және кері қарсылық танытатынын мәлімдеді.

Санкция бейсенбі күні жарияланды. Толық ақпарат Джо Байденның қолы қойылған бұйрықта көрсетілген. Екі елдің бір біріне қысымы қысылтаяң уақытта жасалатын болады.


Талқылау