Украина, АҚШ, соғыс, көмек, әскер,

АҚШ Украинаға әскери көмек ретінде 300 миллион доллар бөледі

"АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаның қорғаныс қабілетін қолдау үшін 300 миллион доллар қауіпсіздік көмегін береді", -деп хабарлайды Halyqnews Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Бір апта бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның Ішкі істер министрлігіне шекараны қорғауды, заңдылықты сақтауды және маңызды мемлекеттік инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету үшін қосымша 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуге ниетті екенін айтты.

Ал, Пентагон өкілі Джон Кирби Украинаның қорғаныс күшін арттыру үшін қосымша 300 миллион доллар берілетінін атап өткен болатын.


Талқылау