аэс, Болат Ақшолақов, министр,

АЭС қайда салынатыны белгілі болды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Алматы облысы маңында атом электр станциясын салу жоспарда бар екенін айтты. Ол Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, аталған ақпаратты жеткізді.

"Нақты орналасқан жері бойынша емес, орналасу аймағы бойынша ведомствоаралық комиссия жүргіздік. Бұл - Балқаш көлінің аумағы, Алматы облысы Үлкен аулының маңы. Орналастыру аймағын анықтадық. Биыл бірнеше рет талқыға түскен нюанстарды зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Олар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан кейін есептеулер басталады. Бірақ есептеулер жүргізу үшін технологияны анықтау қажет. Біз технологияны келесі жылы анықтаймыз", - деді Ақшолақов.


Талқылау