экология, экосауаттылық, алматы,

«Қайта өңделген шикізат қолдану – ғаламдық тренд»

Алматыда Esentai mall мен Kazakhstan Waste recycling ұйымдастыруымен тұрақты даму тақырыбын алға тартқан эко іс-шара өтті. Сондай-ақ шараға экобелсенділер келіп, қонақтардың экологияға қатысты сауалдарына жауап беріп, тәжірбиесімен бөлісті. Тілшіміз Айшолпан Керім шараға барып, елдегі экосауат деңгейі мен экобелсенділердің кеңестерін тыңдап қайтты.

Экошарада негізгі үш спикер «Қайта өңделген шикізат қолдану – ғаламдық тренд» тақырыбын тарқатты.

Экобелсенді, Paketamnet жобасының авторы Михаил Беляков маркетинг құрбанына айналған, саудаға құмар жандар арасында экосананы қалыптастырудың бір жолы – тек сауат ашу, үнемі айтып отыру деп есептейді.

«Экосаналылық қалыптасу үшін үнемі бұл тақырыпты көтеру керек. Біз болашақ ұрпақ есебінен өмір сүрудеміз. Оларға бізде не орман, не су қалмауы мүмкін. Пакет, пластик – бәрі ағаштан жасалады. Ал бір ғана джинсы шалбары үшін 7 мың литр су ағызылады. Бір адамда джинсыдың бірнешеуі бары анық», - дейді Михаил.

Шара маңынан түрлі эко-бұйымдар ұсынылған экомаркет ұйымдастырылған. Енді қала тұрғындары KWR STORE-да пайдалы сауда жасай алады. Сондай эко-бұйымның бірін таныстырған KWR-дың өкілі Әсия экосауаттылыққа қүлшыныс көптеп алматылықтарда байқалатынын айтты.

«Алматы тұрғындарын ерекше атап айтуға болады. Өзім Қарағандыданмын, біздің өңірмен салыстыра айтсақ, Алматыда экология мәселесіне алаңдайтындардың саны көп. Олар қалдықты сұрыптап, бөлек жинайды. Қайта өңдеуге келмейтін қалдықты да лақтырмай, бөлек жинайтындар бар. Дүкендерде де мейліше қайта өңдеуге келетін тауарды таңдауға тырысады. Егер пластик қорап пен қағаз қорапқа оралған тауар болса, алматылықтардың таңдауы қағаз қорапқа түсері анық», - деген Әсия экосауат деңгейінің жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты.

Экомаркет. Jasylym бренді

Ecoshaming және алғашқы қадам

Экобелсенділер қала тұрғындарының экосауат жолында кездесуі мүмкін қиындықтарды да атап өтті. Белсенді Аида Солтанова қоғам экосауатты болғысы келетіндерге кедергі келтіреді деп есептейді.

Солдан оңға: модератор - Виктория Горобцова, спикерлер – Аида Солтанова, Михаил Беляков, Санжар Мәдиев

«Бізде «эко-шейминг» деген ұғым бар. Енді бастағалы жатқан, қалдықтарды сұрыптауды енді үйреніп жатқан «жастарға» мұны бұрыннан жасап жүрген «үлкен буын» «осы-ақ па?» деген сияқты әңгімені айтпау керек, қолдау керек. Бұл іштегі мотивацияны өлтіреді» , - деген Аида экосауаттылыққа енді келіп жатқандарға мынадай кеңес берді:

«Басында жұрт күліп, мазақ етеді. Кейін қызығып, сұрай бастайды. Экосауаттылық тақырыбын идеалдастырудың қажеті жоқ. Егер дүкенге шопперіңізді алуды ұмытып кетсеңіз, бір рет пластик пакет алғанда тұрған ештеңе жоқ. Бұл үшін қысылғаныңыздың өзі – бір жеңіс. Қиналып қалмас үшін сорттап-сұрыптауды кішіден бастаңыз.

Алдымен батарейка, тоқ бауларын жинап бастаңыз, дәрілік препараттарды бөлек жинаңыз. Оларды бөлек қабылдайтын арнайы орындар бар».

«Біз – Ғаламшарды емес, Адамзатты құтқарамыз»

«Мұның бәрін жасау арқылы біз Ғаламшарды, Жерді емес, Адамзатты құтқарамыз. Бәріміз айтып жүрген ғаламдық жылынуға қатысты айтарым мынау – оны тоқтату мүмкін емес. Ендігі қолға алу керек шара – осындай экологиялық жағдайда өмір сүруге бейімделу үшін инвестиция жасау керек. Адамдарға осы жағдай эко өмір сүру шарттарын үйрету керек», - дейді Михаил.

Экомаркет. KWR өнімі

Сондай-ақ, спикерлердің бірі, экобелсенді, актер Санжар Мәдиев мәселені айыппұл арқылы шешу керісінше агрессия тудырады деп ойлайтынын жеткізді.

«Бізде әдетте проблема айыппұл салу арқылы шешіледі. Психология тұрғысынан қарасақ та, айыппұл салып, жазалау адамда агрессия тудырып, кері эффект пайда болады.  Сол себепті бұл жағын ойланып көру керек шығар».


Талқылау

Ұсыныстар
Дамушы елдердегі жүрілген көлік экспортының қоршаған ортаға әсері
30қазан

Дамушы елдердегі жүрілген көлік экспортының қоршаған ортаға әсері

БҰҰ-ның жаңа баяндамасында дамушы елдердегі жүрілген автокөлік экспортының қоршаған орта мен экологияға әсері жайлы айтылған.

11:54
Неге 300-ге жуық бренд Black Friday науқанына қатысудан бас тартты?
26қараша

Неге 300-ге жуық бренд Black Friday науқанына қатысудан бас тартты?

Елдің ірі сауда орындары мен түрлі брендтер 90%-ға дейінгі жеңілдіктер ұсынатын бұл күн шопинг сүйерлердің жылдың асыға күтетін «мейрамына» айналған. Биылғы Black Friday 27 қарашаға дөп келіп тұр. Алайда, бұл науқанды экологияға жасалған шабуыл деп есептейтіндер де жоқ емес.

12:08
Қостанай облысы әкімі: Үкіметтен ағаш отырғызу тапсырылды
26қараша

Қостанай облысы әкімі: Үкіметтен ағаш отырғызу тапсырылды

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед баспасөз конференциясында мәлімдеді.

19:16