ағаш егу, экология,

Алдағы 5 жылда елімізде 2 млрд ағаш егілмек

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өз Instagram парақшасында мәлімдеп, жоспардың қалай іске асатындығын түсіндіріп өтті.

* Орталық аймақтардың орман қоры емен, шырша, қайыңмен толығады

* Бұдан бөлек ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың гектар жерге 200 млн ағаш егіледі

Кешенді шаралар 2030 жылға қарай Қазақстандағы орман аумағын 5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің хабарлауынша, заңсыз ағаш кесуге қатысты жаза күшейтіледі. Ағаш пен бұталарды кесу жағдайына қатысты Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілмек.

Қазақстанның орман қоры 30 млн гектарды құрайды. Ол әзірге ел аумағының 11%-ын ғана алып жатыр.

Министрлік сөз соңында, еліміздің орман қорын сақтап, ұлғайтуға бірге атсалысуға шықырды.

Әсел Өмірсерік


Талқылау

Ұсыныстар
Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты
11қаңтар

Венгерлік ғалымдар пластикті ыдыратушы бактерия ойлап тапты

14:31
Мағзұм Мырзағалиев: Пандемия елдің экомәдениетінің төмендігін байқатты
5қаңтар

Мағзұм Мырзағалиев: Пандемия елдің экомәдениетінің төмендігін байқатты

Алдағы уақытта мектептер мен балабақшаларда елдің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында экологиялық сағаттар өткізілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

16:59