жер сілкінісі, алматы, тәжікістан,

Алматы маңайында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 696 км қашықтықта қуаты 7 балдық 3 бірдей жер сілкінісі тіркелді. 

Бүгін таңғы уақытта Тәжікстан шекарасында 3 бірдей жер сілкінісі орын алған. Тіпті оның қуаты Алматы аумағында да сезілген. 

ҚазАқпарат мәліметінше алғашқы дүмпу Алматы уақытымен 06:37 шамасында Тәжікстан аумағында тіркелген. Терендігі 20 км, қуаты 7 балға жуықтаған апаттан сонымен қатар алматылықтар да 2-3 балдық тербелісті сезінгендерін айтады. Арада 1 сағат уақыт өткенде 07:35 шамасында екінші дүмпу байқалған. Тербеліс ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым аумақта Тәжікстан шекарасында орналасқан.     

Ал үшінші тербеліс 08:01 шамасында Алматыдан 424 шақырымда Қазақстан аумағында орын алды. Қуаты 4,1 балдық апат Шымкент қаласында да сезілген.  Дүмпу тереңдігі 10 км. Әзірге зардап шеккендер жайлы нақты мәліметтер жоқ. 

Еске салайық 6 ақпанда Түркия мен Сирия аумағында қуаты 7 балдан асатын 2 жер сілкінісі тіркеліп салдарынан 42 мыннан астам адам қаза болған еді.


Талқылау