коронавирус, пневмония, жерлеу,

Алматыда «белгісіз пневмониядан» қайтыс болғандар жаңаша жерленеді

Қаулыға тиісті өзгерістерді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин енгізді.

«Коронавирустық инфекцияға күдікті және коронавирустық инфекция анықталып қайтыс болған адамдарды жерлеу алгоритмін коронавирустық инфекциядан қайтыс болған адамдарды және белгісіз пневмония анықталғандарды,  үй жағдайында немесе медициналық ұйымдарда көмуге арналған алгоритммен ауыстыру керек»,- делінген құжатта.

Медициналық ұйымдарда коронавирустық инфекциядан қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін, COVID-19 немесе белгісіз пневмонияға күдікпен қайтыс болған адамның денелері қажетті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласындағы У03 патологиялық бюросына жеткізіледі.

Құжат тармақтарының бірінде Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда, мәйітті тасымалдау және оны жерлеудің барлық шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.  Сондай-ақ, белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда қайтыс болған шетелдік азаматтың туыстары жерлеу рәсімдеріне қатыса алады.

Айта кету керек, қала ішінде адамдар үшін нақты жерлеу орны болмаған кезде, туыстарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен, денелерді көму ОҚО белгілеген орындарда жүзеге асырылады.


Талқылау

Ұсыныстар
Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады
8маусым

Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады

11:57