
Редакция
Алматыда экологияға бақылау жүргізетін онлайн-карта жасалды
Әнуар Құрманғазы, Алматы, (h-news.kz) - Онлайн-карта қаланың экологиялық жағдайы туралы кең мағлұмат беретін динамикалық платформа, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Жоба Алматының экологиялық жағдайы жөніндегі барлық мәліметтерді біріктіретін динамикалық платформа болмақ.
“Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режимінде ауаның жағдайы жөнінде ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. ПДК индикаторларының динамикасы да көрсетіледі” делінген хабарламада.
Станциялар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері мен орташа күндік көрсеткіштері де есептелмек.