
Редакция
Алматыда коғамдық көліктер газ бен электр тоғына көшіріледі
Қоғамдық көлік газға және электр тоғына көшіріледі. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Қоғамдық көліктер газ және электр тоғына көшіріледі. 2021 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін қосымша 37 бірлік іске қосылады. Биыл дизельмен жүретін қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салынды», - деген әкім бұдан бөлек қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар іс атқарылып жатқанын айтты.
«ЖЭО-2 жаңғырту және табиғи газға ауыстыру нәтижесінде шығарындылар 38 мыңнан 6,8 мың тоннаға дейін қысқарады, атмосфераға зиянды шығарындылардың үлесі 6 есеге төмендейді», - деді әкім баяндамада.
«Мұнан бөлек жеке секторды газдандыру да назарымызда. Бүгінгі күні газға қосылмаған 1840 үй бар. Halykbank-пен бірлесіп, газдандыруды пайызсыз несиелеу жүргізілуде».
Сондай-ақ, әкім 2022 жылы бір адамға есептегендегі жасыл желектердің ауданы 11 ш.м. құрайтынын айтты.
«Биыл жасыл қор ұлғайтылып, 250 мың жасыл желек отырғызылды. 202 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11ш.м. құрайтын болады. (норма – 10ш.м.)