алматы, нәрсете, сәби,

Алматыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 6 келі 200 грамм, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аурухана директоры Гүлнар Нұрланованың айтуынша, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай алып сәби алғаш рет туылып отыр. Соңғы рет салмағы 5 келі, 8 грамм нәрсете дүниге келіпті.

«Нәрсетенің анасы 20 жаста. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында", – деді Г.Нұрланова.

Айта кетейік, сәби кесір тілігімен дүниеге келді.


Талқылау