Аушра Ревутайте, Тянь-Шань, тау, Тұйықсу мұздығы,

Алматыдағы Тұйықсу мұздығы еріп жатыр

Литвалық ғалым Аушра Ревутайте Алматыдағы Тұйықсу мұздығының еріп жатқанын белгілеп жүр. Оның айтуынша бұл ғаламдық жылынудың дәлелі,-деп жазады bbc.com тілшісі Мерседес Хаттон.

Аушра Ревутайте Тянь-Шань тауының Қазақстан территориясындағы тау алабында 30 жыл бойы өмір сүріп келеді. Ол Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау желісі қызметінде жұмыс істейді. Айтуынша 1957 жылы Тұйықсу өлшеу стансасы құрылған. Содан бері мұнда гляциологиялық, гидрометеорологиялық және таңғы басқа түрлі зерттеулер жүргізіліп келеді. Сол үшін де Тұйықсу әлемдегі ең ұзақ зерттелген мұздықтардың бірі болып саналады.

Орталық Азиядағы өзен-көлдердің басым бөлігі тау бұлақтарынан бастау алады. Бұл сулар ауылшаруашылығының және өндірістік қажеттіліктердің 90 пайызын қамтамасыз етеді. Алматы да сондай қалалардың біріне жатады. Бұлақ бастауы Тұйықсудан басталып, Алматы қаласының ішімен жазықтыққа беттейтін Кіші Алматы өзеніне ағып қосылады.

Мамандардың айтуынша, Тұйықсу мұздығы соңғы 60 жыл ішінде 1 шақырымға дейін кері жылжыған. Егер осындай қарқынмен еритін болса мұздық тұрақсыз болып, 2040 жылға қарай жаздық сыйымдылық қысқарады. Ал біздің жорамал дұрыс болса, бұның соңы жақсылыққа апармайды. Және бұл қорқынышты жағдай тек Алматыға ғана емес, бүкіл Орталық Азияға әсер етеді.     

 

Ғаламдық жылынуды анықтаудың бірден бір жолы мұздықтар болып табылады. Аушра Ревутайте Тұйықсу мұздығының еруін тоқтатпағанымен, ол ұзақ уақыт тау-таста жүріп көптеген зерттеулер жасады. Сол қасиеті үшін де оны ерекше атап өткен жөн,-деп жазады Мерседес Хаттон.   

    


Талқылау