ЖЭО, электр, газ, алматы,

Алматыдағы ЖЭО-лар газға көшіріледі

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикалық холдингі Алматыдағы барлық станцияларды көмірден газға ауыстырады. Компания хабарламасына сәйкес, холдинг қазіргі уақытта ЖЭО-3-ті (Жылу электр орталығы) жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге қажетті корпоративтік рәсімдерді бастады.

ЖЭО-3-ті көмірден газға көшірудің мүмкіндігін компания 2019 жылы алдын-ала есептеп, талдау жасаған болатын. Бұл жұмыс аясында сондай-ақ станцияны Алматы қаласының газ желісіне қосудың техникалық шарттары да қарастырылған. 

«Алдын-ала жүргізілген зерттеудің материалдары қазіргі уақытта компанияның Инвестициялық-инновациялық кеңесі мен Басқармасына жіберілді. Бұл орайда, қаржыландыру көздерін айқындауға қатысты сұрақтар, соның ішінде, бюджет қаражаты ма, әлде Қордың қаражаты ма, деген сұрақтар қазір талқылану үстінде», - делінген пресс-релизде.

Қаржыландыру көзі бойынша сұрақтар әзірге талқылануда.

Хабарламада 2017 жылдан бері Алматыдағы ЖЭО-1 газға көшірілгені айтылған.

2020 жылы қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту бағдарламасы аясында Алматыдағы ЖЭО-2 модернизациясы мен газға көшірілуі жайлы шешім қабылданды.


Талқылау

Ұсыныстар
Дизель жанармайымен жүретін траспорт түріне кезең-кезеңімен тыйым салынады
30қыркүйек

Дизель жанармайымен жүретін траспорт түріне кезең-кезеңімен тыйым салынады

Аладғы уақытта дизель жанармайын қолданатын транспорт түріне тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша экология Департаменті басшысының орынбасары Данияр Әлімсейітов мәлімдеді.

17:53
Елдегі барлық өңірлер арасында тек Алматыға ғана қоршаған ортаны қорғауға қаржы бөлінбеген
12қазан

Елдегі барлық өңірлер арасында тек Алматыға ғана қоршаған ортаны қорғауға қаржы бөлінбеген

11:09
Алматы билігі автотранспортты экологиялық бақылаудан өткізуге 331 миллион теңге жұмсамақ
30қыркүйек

Алматы билігі автотранспортты экологиялық бақылаудан өткізуге 331 миллион теңге жұмсамақ

«Тапсырыс беруші – ҚМУ «Алматы қаласының жасыл экономикасын басқару»; атауы - экологиялық мониторинг қызметтері; қосымша сипаттамалар - Алматы қаласындағы көлік құралдарының экологиялық мониторингі жөніндегі қызметтер; жоспарланған сома - Т331 706 750; бірінші жылға - Т41 706 750, екінші жылға - Т290 000 000», - делінген сәрсенбіде мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

17:40