көлік, салық, армения,

Арменияның мемлекеттік табыстар комитеті қазақстандықтарға салық төлеу керектігін айтты

Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары Шушан Нерсисян салықты тиісті уақытында төлемегендерге айыппұл салынатынын айтты.

Былтыр Арменияға шетелдерден 189 мың көлік жеткізіліпті. Олардан мемлекет бюджетіне 146 миллион доллар мөлшерінде кеден салығы төленген. Шушан Нерсисян енді қазақстандықтар да сатып алған көліктеріне салық төлеу керек дейді. Ал көліктерге қатысты барлық деректерді Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік кірістер комитетіне жібергенін хабарлады.


Талқылау