ғарыш, білім, ғылым, қонақ үй,

Ғарышқа саяхат жасау мүмкін бе?

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Болашақта жасайтын саяхаттар тізіміне енді ғарышта демалу да кіруі мүмкін. Бұл жайлы Orbital Assembly Corporation құрылыс компаниясының басқарушысы CNN-ге берген сұхбатында айтады.

Компания Жер атмосферасынан жоғары жүзе алатын круиздік кеме үлгісіндегі қонақүйді салуды жоспарлап жатыр. Ол 2027 жылға қарай ғарыштық туризм шындыққа айналады деп сенеді. 

Болашақта қонақүйде керемет барлар мен мейрамханалар салыну жоспарда бар. Онда дәстүрлі «ғарыштық тағамға», мысалы, мұздатылған немесе  кептірілген балмұздаққа тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, Жерде жасай алмайтын нәрселерді ғарышта жасай алатын ойын-сауық шаралары болмақ. Салмақсыздық пен ауырлық күшінің төмендеуіне байланысты адамдар тым жоғары секіре алады, бұрын-соңды жүрмеген жолдармен жүре алатын болады.

Жалпы ғарыштық туризм уақыт өте келе өзекті тақырыпқа айналуда және оны жүзеге асыруға тырысатын бірнеше компаниялар бар - Virgin Galactic-тен Илон Масктың SpaceX-ке дейін. 

Әзірге ғарыштық қонақүйлер бөлме бағасын жарнамаламайды, бірақ оның бағасы өте қымбат болары сөзсіз.


Талқылау