Қасқасу, Түркістан, жоғалу, ТЖҚ,

Қасқасу тауында жоғалған 7 жігіт іздестірілуде

Оңтүстік жұртшылығы Түркістан облысына қарасты Қасқасу шатқалында жоғалған 7 жігітті іздестіруде.

21 мамыр күні Әлімжан Хайруллин (Ақтөбе), Бағдат Төлеу (Ақтөбе), Нұрдаулет Наурызбай (Атырау), Диас Төлегенов (Орал), Саят Оскенов (Жезқазған), (суретте) Абылай Тоқтасын (Кентау) түлектері және Абылай Тоқтасынның 10 сынып оқитын інісі Қасқасу тауына демалуға кеткен. Жоспар бойынша 24-і күні қайта оралу керек болған. Алайда Абылай Тоқтасынның анасы 25 мамыр күні (сағат 17:40) ешқандай хабар-ошар болмағандықтан төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқан.

Қазіргі таңда іздестіру қызметі жүргізілуде. Сондай-ақ волонтерлар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Жоғалғандардың туған-туыстары аталған оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат болса ТЖҚ хабарласуын өтінуде.


Талқылау