астана, футбол, чемпиондар лигасы, динамо,

"Астана" Чемпиондар Лигасында "Динамоға" қарсы ойнайды

Швейцариялық Ньонда Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан чемпионы "Астана" жеребе тастаудың төртінші қоржынында болды. Мүмкін қарсыластар қатарында: "Динамо" (Брест, Беларусь), "Рига" (Латвия), "Тирана" (Албания), "Силекс" (Македония) болды. Нәтижесінде Михала Билектің шәкірттері "Динамо" Брестпен бақ сынасатын болады.

Бұл қақтығыс 18 немесе 19 тамызға жоспарлануда. Бір ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаса, қосымша уақыт пен пенальти сериясы өтеді. Жеңімпаз Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығады, ал жеңліс тапқан топ Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтеді.


Талқылау