Astana Hub, Google for Startups,  GFS, серіктес, IT,

Astana Hub Google for Startups - пен (GfS) әріптестік туралы келісімге қол қойылды

2022 жылдың сәуірінде Astana Hub Google for Startups - пен (GfS) әріптестік туралы келісімге қол қойып, Орталық Азия өңіріндегі алғашқы әріптесі болды.

Astana Hub GfS-пен бірлесіп Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжаннан және Моңғолия елдері және жалпы Орталық Азия өңіріндегі стартаптарға акселератордың іске қосылғанын айтты.

Осы жылы Нұр-сұлтан қаласында оффлайн форматта, Product/Market Fit сатысындағы стартаптарға акселерацияның екі ағыны жоспарланып отыр, оған 15-ке дейін стартап қатысады.

Өз кезегімен, GFS серіктестік шеңберінде Google сарапшыларының бірегей мастер-кластары мен жеке менторингіне қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ өзінің платформасы мен әлеуметтік желілеріндегі қызықты кейстерге PR-қолдау көрсетуге дайын.


Талқылау