«Астана» өз алаңында «Валеттадан» ірі есеппен басым түсті

«Астана» өз алаңында «Валеттадан» ірі есеппен басым түсті

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде мальталық «Валетта» командасын өз алаңында қабылдап, 5-1 есебімен ойсырата жеңді.

Ойынның бірінші минутында-ақ алаң иелері өткір шабуыл ұйымдастырып, Марин Томасовқа қолайлы мүмкіндік жасаған. Алайда «Астана» футболшысы мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Дегенмен, матчтың 8-ші минутында Рунар Мар Сигурьонссон командасын алға шығарды. Көп ұзамай Юри Логвиненко есепті еселей түсті. Ал 35-ші минутта Марин Томасов қарсыластар қақпасыныа үшінші голды соқты.

Екінші таймда да астаналықтар голдар санын арттыра түсті. 57-ші минутта Рунар Мар Сигурьонссон тағы да көзге түсті. Есеп 4-0. Төртінші голдан кейін мальталық футболшылар шабуылдарының бірін голға айналдыра алды. Көзге түскен Марио Фонтанелло. Ал 80-ші минутта Рангело Янга «Валлетта» қақпасына бесінші голды соғып, ойынның нүстесін қойды.

Қарымта кездесу 16 тамыз күні Мальтада өтеді.   


Талқылау