футбол, астана, чемпиондар лигасы,

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымының алғашқы 33 қатысушы белгілі болды.

«Астана» еурокубоктік маусымды бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Мүмкін деген 22 қарсыласы белгілі. 

Олардың ішінде:“Омония” (Кипр), “Црвена Звезда” (Сербия), “Брест Динамо” (Беларусь), “Селтик” (Шотландия),“Карабах” (Әзірбайжан), “Мольде” (Норвегия), “Юргорден” (Швеция), “Ференцварош” (Венгрия), “Дандалк” (Ирландия), “Шериф” (Молдова), “КуПС” (Финляндия), “Рейкьявик” (Исландия), “Сараево” (Босния және Герцеговина),  Судува” (Литва), “Рига” (Латвия), “Флора” (Эстония), “Фола” (Люксембург), “Флориана” (Мальта), “Коннак” (Уэльс), “Класквик” (Фарер аралдары), “Динамо Тбилиси” (Грузия) және “Еуропа” (Гибралтар).

УЕФА Атқару комитеті жақында Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымдағы форматын өзгертті.  Енді командалар іріктеу кезеңінің жеңімпазын екі емес, бір ойынның нәтижесі бойынша анықтайды.

Чемпиондар лигасы іріктеуінің алғашқы матчтары (алдын-ала раунд) 8 және 11 тамызда ойналады.  Бірінші іріктеу кезеңінің матчтары 18-19 тамызда, екіншісі 25-26 тамызда, үшіншісі 15-16 қыркүйекте өтеді.  Плей-офф кезеңдері 22-23 және 29-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Чемпиондар лигасының 2020/21 топтық кезеңінің матчтары 20-21 және 27-28 қазан, 3-4 және 24-25 қараша, 1-2 және 8-9 желтоқсанға жоспарланғані.


Талқылау