биологиялық қауіп, вирус, денсаулық, инфекция, ауру,

Қазақстанға биологиялық қауіп төнуі мүмкін

Елімізде бірнеше негізгі биологиялық қауіп бар. Бұл жайлы баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

“Ковид пандемиясы кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық оңсыз тәжірибесін ескере отырып, біз эпидемиологиялық қауіп-қатерді болжамдау мен алдын- алудың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруға бағытталған шараларды күшейтеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңның жобасы әзірленді. 2022 жылғы 28 сәуірде аталған заң жобасын ҚР Парламентінің Сенаты қабылдады”,- деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанға биологиялық қауіп төніп тұр. Ал, құрылған заң жобасы биологиялық қауіп-қатерді ерте анықтап, онымен күрес жүргізуге көмек береді.

“Ең алдымен, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары таралған. Мысалы, оба 10 облыстың, туляремия 12 облыстың, ал геморрагиялық қызбалар 4 облыстың және Шымкент қаласының аумағында таралған. Екіншіден, қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі байқалады. Қазақстанның халықаралық туристік және іскерлік байланыстарды кеңейтуі нәтижесінде жыл сайын тырысқақтың әкеліну жағдайлары тіркеледі,-деді ведомство басшысы.

Денсаулық сақтау министрі патогенді биоагенттермен жұмыс істеу кезінде талаптардың бұзылуы байқалғанын, төтенше жағдайлар мен терроризм актілерінің салдарынан елімізге қауіп төнуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол биологиялық қауіпсіздік саласында білікті кадрлардың тапшы екенін жеткізді.

“Бізде биологиялық қауіпсіздік саласында білікті кадрлар жеткіліксіз. Заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылады деп жоспарлануда. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2026 жылға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың 3 зертханасын жарақтандыру бойынша іс-шараларды өткізу көзделген. 2021 жылы 3 зертхана жабдықталды. Осы жылы тағы да 3 зертхана жабдықталмақ”, - деді министр.


Талқылау

Ұсыныстар
Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады
8маусым

Вакциналау мен ПТР растау талабы жойылады

11:57