экономика, зерттеу, рейтинг, қазақстан,

Қазақстан экономикалық бостандық рейтингінде 39-орынды иеленді

Жансая Нурбекова, Алматы(H-news.kz) – Қазақстан Heritage Foundation америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы «экономикалық бостандық» индексі бойынша елдер рейтингісінде 20 позицияға көрсеткіштерін жақсартып (2019 ж. - 59 орын), 180 орын ішінде 39 орынға ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Heritage Foundation» Қазақстан 2020 рейтингінде өз позициясын жақсарту тұрғысынан айтарлықтай оң динамикасы бар 10 елдің қатарына енгенін атап өтті.

Фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, кәсіпкерлік еркіндік, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі сияқты көрсеткіштер бойынша оң динамика атап өтілді.

Сондай- ақ инвестициялар бостандығы, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша тұрақты динамика да ішіне кіреді.

Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынға, Өзбекстан Республикасы 114-орынға, Беларусь Республикасы 88-орынға, ал Қырғыз Республикасы 81-орынға ие болды.

Экономикалық еркіндігі ең жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кіреді.

«Heritage Foundation» американдық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің экономикалық еркіндігі туралы есеп жариялайды. Экономикалық еркіндік индексі - бұл тиісті рейтингті құрайтын экономикалық еркіндік деңгейін өлшейтін біріктірілген көрсеткіш.


Талқылау

Ұсыныстар
Маусым айында Қазақстан Венгриямен рейстерді қалпына келтіреді
10сәуір

Маусым айында Қазақстан Венгриямен рейстерді қалпына келтіреді

Әсел Өмірсерік, Шымкент (H-News) - Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петр Сиарто елдің осы жазда Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтіретіндігін айтты, деп хабарлайды H-News informburo.kz-ке сілтеме жасап.

12:39
Пекин – миллиардерлердің жаңа астанасы
9сәуір

Пекин – миллиардерлердің жаңа астанасы

15:59