футзал, Қазақстан, финляндия, спорт, Еуропа біріншілігі, Нидерланд,

Қазақстан футзалшылары Финляндия командасынан басым түсті

Футзалдан Нидерландта өтіп жатқан Еуропа біріншілігінде Қазақстан құрамасы Финдықтардан 6-2 есебімен басым түсті.

Аталған матч, футболшыларымыздың В тобындағы екінші кездесуі болды. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ Кака бастаған шәкірттер белсенді бастады. Алайда, қанша шабуылдағанымен сәттілік серік болмады. Керісінше қарсыластар Дугластың жіберген қателігін ұтымды пайдаланып, есепті ашты. Артынша Біржан Оразов таразы басын теңестірді. Арада көп уақыт өтпей Финдықтар тағы да есепте алға шықты. Қақпашымыз Игита ойынның 25 минутында жоққын соққысымен есепті теңестіріп, қарсыластардың мысын басқандай болды. Өйткені, осы голдан соң жігіттеріміз жауапсыз 4 гол соқты. Қорытынды есеп 6-2. Гол соққандар: Хосио 13 (1:0), Оразов 18 (1:1), Корпела 24 (2:1), Игита 25 (2:2), Кнауб 29 (2:3), Оразов 32 (2:4), Кнауб 34 (2:5), Валиуллин 40 (2:6).


Талқылау

Ұсыныстар
Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматқа қылмыстық іс қозғалды
6маусым

Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматқа қылмыстық іс қозғалды

17:27
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін орны белгілі болды
22маусым

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін орны белгілі болды

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетіні белгілі болды.

15:42