қара түсіті металл, сату, экспорт,

Қазақстан металл сынығының экспортына екі жылға тыйым салуы мүмкін

Қазақстан металл сынықтары мен қара, түрлі-түсті металл қалдықтарының автотранспорттық экспортына салынған тыйым мерзімін ұзартпақ. Сондай-ақ, тізімде құбырлар, рельстер мен теміржол төсеме элементтері де бар. Аталмыш бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланған.

Құжат 15 қазанға дейін жария талқыға салынады.

Құжатта берілген мәліметке сәйкес, Қазақстан территориясынан автотранспортпен металл сынықтарын, қара және түрлі-түсті металл (коды ТН ВЭД ЕАЭС 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0, 7802 00 000 0, 7801 99 900 0, 8545 10 990 0) тасымалын салынған тыйымды екі жылға ұзарту бұйырылған.

Айта кетейік, 2018 жылдың қазан айында елімізде металл сынығының экспортына екі жылға тыйым салынған болатын.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде РФ Еуразиялық экономикалық комиссиясына ҚР бекіткен аталмыш тыйым әсерінен ресейлік зауыттарда шикізат тапшылығы пайда болды деп шағымданған еді.

 


Талқылау