1 сынып, қабылдау, оқу, мектеп, егов,

Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау басталды

Аида Ермекбаева, Шымкент, H-News - Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірде бастап, 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсыруға болады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспаөз қызметі. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін 13 мыңнан астам электронды өтініш түсіп қойған.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 1-сыныпқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат; 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат және оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті (оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларында ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес балаларды мектепке қабылдау тәртібі айқындалған).


Талқылау